Қысқы демалыста оқушылар немен айналысады?
Оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады. Демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Олардың бос жүрмеуі, ата-анасының қарауынсыз қалмауы, түнгі мезгілде көшеде жүрмеулері қадағаланбақ. Осы орайда облыстағы бүкіл білім ордаларында түрлі үйірмелер, қосымша сабақтар ұйымдастырылмақ. Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін, ой- өрісін дамыту маңызды. Сондықтан мектепде түрлі шаралар жүзеге асады, - деп атап өтті басқармадығылар. Оның ішінде ата-аналармен де жұмыстар, балалармен де бірқатар шаралар өтеді. Балаларға бос уақытында - кітап оқу, музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару, спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу, қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысуға шақыру жоспарланып отыр.Количество показов: 10
Дата создания: 30.12.2025 07:45:32



















