Қырғызстан азаматынан аса ірі көлемде есірткі заты тәркіленді
Ақтөбелік полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдаумен айналысқан қырғызстандықты ұстады. Облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-іздестіру шарасын өткізген. 16-ақпан күні түнгі 12-лерге таман «Самара-Шымкент» тас жолының 972 шақырымында көлік құралын санкциясыз тінтіп, Бішкектің 44 жастағы тұрғынының "Газель" көлігінен екі дорбаға бөліп салынған, жалпы салмағы 22 келіден асатын «марихуана» есірткі затын тауып, тәркіледі. Облыстық полиция департаменті "аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау" бабымен тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылады, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.Количество показов: 736
Дата создания: 23.02.2021 18:54:19



















