Ырғызда жаңа аудандық кітапхана ашылды
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың іс сапары Ырғыз ауданына басталды. Аудандағы су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстармен танысты. Мұнда бөгет салынып, су бұру құрылғылары жөнделген болатын. «BNB Stroy Group» мердігер ұйымы ұзындығы 3,6 шақырым, биіктігі үш метрді құрайтын бөгет салды. Жоба құны – 217,3 млн теңге. Президент Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін, Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын жаңа автожол жобасын жариялаған еді. Ырғыздықтар үшін үлкен мүмкіндік. Ырғыз – Нұра автожолындағы су өткізу құрылғыларының жөндеу «Сантехцентр» серіктестігімен іске асырылуда. 13 жаңа құбыр төселіп, 6 ескі құбыр жөнделеді. Ырғызда жаңа аудандық кітапхана ашылды. Жалпы ауданы 800 шаршы метрден асатын заманауи екі қабатты ғимаратты «SAK групп» серіктестігі салған. Құны – 384,6 миллион теңге. Әкім жаңа кітапхананы аралап көрді. Сондай-ақ, аймақ басшысы су тасқынынан зардап шеккен Нұра ауылына да барды. Апатты мектептің орнына жеке кәсіпкер салған жаңа білім мекемесін көріп, тұрғындармен кездесті. Табиғи апат салдары жойылып, 63 үй бой көтерді. Жаңа мектеп-балабақша салынды. Нұрада мәдениет үйін, фельдшерлік-амбулаториялық пункт және балалар алаңын салу жоспарда бар. Ал, Әйтеке би ауданы ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығын тойлауға әзірленуде. Мерейтой қарсаңында облыс әкімі Асхат Шахаров Қарабұтаққа барды. Қарабұтақ ауылдық округінің қазіргі жағдайы, дамуымен танысты. Қазір мұнда 600-ден астам аула мен 3 мыңнан көп тұрғын бар. Биыл мамырда аудандағы Қ.Шаңғытбаев атындағы мектепте күрделі жөндеу басталады. 364 млн теңге қарастырылған жобаны "Строй мастер" серіктестігі қолға алмақ. Күзде ақынның ғасырлық тойы тойланады. Ауылда су құбырының құрылысы аяқталуда. Тұрғындар орталықтандырылған сумен толық қамтамасыз етіледі. Ал, Жарөткел ауылында жаңа 60 орындық мектептің құрылысы қолға алынады. Өңір басшысы жақын арада тұрғындарды ұзақ уақыт мазалаған септик мәселесі шешілетінін айтты. Әйтеке би ауданында абаттандыру жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Тұрғындармен қатар «Туған жерге тағзым» акциясы аясында кәсіпкерлер де көп үлес қосып жүр. Кейін Асхат Шахаров Аралтоғай ауылдық округіндегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі - «Берік АБ» серіктестігін аралап көрді. 2013 жылы Берік Аяпов негізін қалаған шаруашылық асылтұқымды мал шаруашылығын дамытып келеді. Серіктестік 19 мың гектардан астам ауылшаруашылығы жерін пайдаланып отыр. Шаруашылықта 10 адам жұмыс істейді.Количество показов: 17
Дата создания: 22.04.2025 11:38:48