Ырғыз ауданында биыл 1700 адам жұмыспен қамтылды
Ырғыз ауданы бойынша аудандық бюджетке түскен кіріс биыл - 1 млрд 114,7 млн. теңгені құрады.Өнеркәсіп саласы бойынша соңғы 9 айда өндірген өнім көлемі 4 млрд теңгеден асты. Жалпы ауданда биыл және алдағы екі жылда аудан аумағынан мал бордақылау алаңын, сүт тауарлы фермасын ашу, жылыжай салу жоспарланған. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады,-деді аудан әкімі. Биыл Ырғыз ауданында 1 700-ден көп адам жұмыспен қамтылды. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандардың өз кәсіптерін бастауы үшін 16 адамға мемлекеттік қайтарымсыз грант берілген. Негізі жоспар бойынша 9 грант қарастырылған. Жұмыссыз 691 адам екі қолға бір күрек тапқан. Ауданда 39 білім беру ұйымы бар. 21 мектепте 3 126 оқушы, 15 балабақшада - 900 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен 2-6 жасқа дейінгі балалар 96,7%, 3-6 жасқа дейінгі балалар 100 % қамтылған. Қазірде аудан тұрғындарына 49 керуеттік аурухана-емханасымен, 5 дәрігерлік амбулатория және 12 медициналық пункт медициналық қызмет көрсетеді. 164 медициналық қызметкер бар. Жыл басынан аудандық аурухана 5 жас маманмен толыққан.
Количество показов: 10
Дата создания: 07.11.2025 08:00:53



















