Бүгін ораза айт мерекесіне орай «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен облысымыздағы әйелдер қауымына арналған «Сағындырған Рамазан» атты фестиваль өтті. Аталмыш шарада Алға ауданынан мешіт өкілдері, қалалық орталық мешіт ұстаздары мен шәкірттері Құран оқып, Ораза айт мерекесінің қадір- қасиеті жайында білгендерімен бөлісті. Бүгінгі шарада «Құнан» мектеп- лицейінің ұстаздары мен шәкірттері өлең оқып, күй тартты. Ал, "Белсенді" әжелер тобы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында мерекелік тартуын ұсынып, жергілікті дизайнерлер қазақы нақыштағы ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, "Ниса" орталығының ұстаздары мен мектеп психологтары ана мен бала тақырыптарына арналған тренингтер жүргізіп, көрермендермен пікір алмасты. Шара барысында жәрмеңке ұйымдастырылып, 18 жеке кәсіпкер әйел өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, демеушілердің атынан «Үміт» балалар үйіне 50 000 теңге көлемінде қаражат табысталды. Шара соңында қатысушыларға арнап мерекелік дастархан жайылды.
Количество показов: 985
Дата создания: 03.05.2022 18:15:34
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>