Ясный ауылында жарық жанды
Әбуғали Жұбаназаровтың бойынша, Ясныйдағы Берсиев пен Бейбітшілік көшелеріндегі жарық шамдары біраз уақыттан бері қараусыз қалып, жанбай тұрған. Кешкілік жұмыстан қайтқан халық әбден қиналды. Сабақтан шыққан балалар тағы бар. Ата-аналар қалта шамдарын қолдарына ұстап, оқушыларды жетектеп қайтпаса болмайды. Мәселе екі аптаның ішінде шешімін тапты. Қалаға тиіп тұрған ауылдың тұрғындары да енді көшеде еркін жүретін болды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Жандос Өтеулиннің айтуынша, көше шамдары біздің арнамыздан сюжет көрсетілген күні-ақ жөнделген. Қазір қала бойынша мүлдем жарықтандырылмаған қосалқы 6 көшеге шам орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Количество показов: 1256
Дата создания: 12.11.2018 18:51:06



















