Ясный-2 тұрғын алабында 15 көшеге жол салынады
Ақтөбеде ауқымды жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қаладағы тұрғын алаптарында жол құрылысы қарқын алды. Ясный-2 тұрғын алабындағы 15 көшеге алғаш жол салынып жатыр. Жалпы ұзындығы – 9,5 шақырым. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары да қарастырылған. Шаһарда жол жөндеумен қатар жол таңбаларын сызу жұмыстары да жүргізілуде. 145 мың шаршы метр жолға тағба салынады. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Мамандар екі ауысымда жұмыс істейді. Сондай-ақ, жол сапасына қатысты тұрғындардан түскен шағымдарға облыс басшысы ерекше назар аударуды тапсырды. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.Количество показов: 16
Дата создания: 04.07.2025 06:33:11