Ясный-1 тұрғын алабының тұрғындары жол сұрайды
Ясный-1 тұрғын алабындағы Абай көшесінің тұрғындары бірнеше жылдан бері асфальт төселген жолға зәру. Бұл жерде автокөлік жүретін жол тұрмақ жаяу жүргіншілер жолы да жоқ. Үлкендердің де, кішілердің де әупірімдеп жүруі қиын. Төселген қиыршық тастардың өлшемі адам қолымен бірдей. Жаяу жүрсең аяғыңа батып, арба сүйресең доғалағын қисайтып жібереді. Мына қиыршық тастардың төселгеніне 2 жылдан асыпты. Оның өзін жырлап жүріп әзер жасатқан. Қарапайым жолдың өзі арман болған тұрғындар аяқ киіміміз тозып, аяқ қолымыз сынып қалмаса екен, деп тілейді. Биліктен көңілі қалған наразы жұрт асфальтқа жету арман болып кетті, деп қынжылады. Төселген қиыршық тастардан зәбір көргендер де жоқ емес. Осы көшенің бірнеше тұрғыны тастарға сүрініп, дене жарақаттарын алған. Алаңсыз дүкеннен қайтып келе жатқан әйел тастың үстіне құлап, қолын сындырған. Тіпті, өзі үшінші топ мүгедегі екен. Ақ жағалылар өңіріміздің әлеуеті дамып келеді есеп береді. Әйтседе, қарашаның мұңына құлақ асар ешкім жоқ. Абай көшесінің тұрғындарының қарапайым қара жолға зар болғанына 5 жылдың жүзі болған. Тіпті, Ясный-1 тұрғын алабы 1960-жылдардың басында салынған дейді олар. Содан бері жол жоқ. Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан ауыспалы. Уәде етілген жол жыл соңына дейін аяқталады. Жыл сайын уәдеге тойып келе жатқан тұрғындар үшін бұл үйреншікті жағдай. "Қарашаның мұңына құлақ асатын биліктегілер бұл жолы уәдесінен жалтармас".Количество показов: 119
Дата создания: 18.06.2025 11:54:01