Үйірмелер мен секциялар ваучерлік жүйеге көшуде
Балаларды тегін үйірмемен қамту қолжетімді болуы тиіс. Бұған дейін ата-ана тарапынан шағым көп болатын. Дені-кезектің ашық болмауы, өтінімдердің қайталануы, үйірмелердің тізімінің шектеулі болуы сынды мәселелерге қатысты. Енді бұл салаға ваучерлік қаржыландыру енгізілді. Бұл жүйеде әр балаға бір үйірмені немесе секцияға тегін қатысуға мүмкіндік беретін электронды ваучерлар ұсынылады. Жаңа ваучерлік жүйеге әлеуметтік осал топтағы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да кіреді. Сонымен қатар енді кезек қайта құрылмайды, тек алға жылжиды.Мамандардың айтуынша, пилоттық жобаның халыққа берері мол.Аталған жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорттық секцияларды, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді. Бастысы, енді балалар әлеуметтік статусына байланысты 12 санат бойынша жеке кезекке қойылады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өңірде 20 мыңнан астам бала тегін үйірмелермен қамтылған.Ақтөбеде бүгінге дейін 11 мыңнан астам әмбебап және 29 мыңнан астам мақсатты ваучер тағайындалған. Күні бүгінге дейін 12 мыңнан аса бала кезекке тұрған.
Количество показов: 14
Дата создания: 16.08.2025 09:58:57