Вирусты гепатит жыныстық қатынас арқылы жұғады
Мамандардың айтуынша, гепаттитің 5 түрі бар. Атап айтсақ, А,В,С,Д және Е түрлері. А түрі көбіне лас су, тағам мен жуылмаған қол арқылы жұқса, В және Д түрлерінің таралуына жыныстық қатынас себеп, кейде анадан балаға беріледі. Сақтану жолдары қарапайым. Ең алдымен жеке бас гигиенасын ұстану, таза су ішу, қолды үнемі сабындап жуу. Медициналық құралдар стрильді болуы шарт. Ортақ шприц, система мүлдем болмайды. Жыныстық қатынас та қауіпсіз, қорғалған болуы керек. Індеттің бұл түрінен қорғанудың бірден-бір жолы-вакцина. А мен В түріне қарсы екпе бар. Бүгін салауатты өмір салтын қалыптасытру мамандары гепатиттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Әр адамды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз, дейді ақ халаттылар.Количество показов: 14
Дата создания: 25.07.2025 08:05:24