Ветеринария саласы қызметкерлеріне жаңа көліктер табысталды
Шалғай ауылдарда мал дәрігерлерінде көлік тапшы . Бүгін осы олқылықтың орны толды. Ааудандардан келген ветеринария саласының мамандарына 39 су жаңа көліктің кілттері табысталды.Қаз-қатар тізілген су жаңа "JAC S4"көліктері аудандық ветерианлық станцияларға беріліп жатыр. 12 аудандағы мал дәрігерлік станциялардың кейбіріне 2 көліктен тиеді екен. Шалғай ауылдарда елді мекендерді аралауға осы көліктер арнайы таңдалды,- дейді облыстық ветеринарлық басқарма басшылары.
Қостанайда кұрастырылған көліктердің бағасы да қолжетімді. Сапасы да сын көтереді. Осыдан екі жыл бұрын мал дәрігерлеріне дәл осы көліктің өзге түрі берілген болатын. Көліктер жол талғамайды. Жалпы облыста 140 мал дәрігерлік пункті бар. Олардың барлығын көлікпен қамту мүмкін болмай отыр.
Ветеринарлық бекеттердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға облыстық бюджеттен 303 млн теңге қаражат бөлінген. Осы ақшаға 39 "JAC S4" көліктері сатып алынды.
Количество показов: 400
Дата создания: 29.05.2024 05:11:01