В.Божко су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктермен кездесті
Қурайлы селолық округінде қызыл судан жапа шеккендерге 81 жер учаскесі берілген болатын. Соның 73-іне үй тұрғызылып, пайдалануға берілді. 8 учаскеде құрылыс жүріп жатыр. Үйлерге көгілдір отын, электр жарығы, ауыз су кіріп тұр. Тіпті жаңа үйлер тұрғызылған көшелер де жарықтандырылып үлгерген. Қалған іс уақыт өте тындырылады. Кезінде төтенше жағдайлар министрлігін басқарған Владимир Божко табиғи апаттан зардап шеккендердің бұлайша тез ес жиып, етек-жеңдерін түзеп жатқанына ризашылық білдірді.
Количество показов: 1463
Дата создания: 04.04.2018 18:54:32