«Уылдырық шашу-2026» акциясы басталады
Облыс бойынша балық шаруашылығына қатысты маңызды кезең басталды. Ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы бұйрығына сәйкес, өңірдегі су айдындарында балықтардың уылдырық шашу кезеңі 10 сәуірден бастап 5 маусымға дейін созылады. Бұл туралы Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мәлімдеді. Бұл кезеңде кейбір балық түрлерін аулуға тиым салынған. Соның ішінде шортан, көксерке, беріш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа және тарақ балықтары. Аймақ бойынша тізімде 140 су айдыны бар, оның 76-сы балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген. Мамандардың айтуынша, «Уылдырық шашу-2026» акциясы кезінде инспекция, құқық қорғау органдары және табиғат қорғау ұйымдарының қатысуымен заңсыз балық аулау, өткізу, сату және тасымалдауға қарсы арнайы іс-шаралар жүргізу жоспарлануда. Тұрғындардан балық қорғау заңнамасының талаптарын сақтау және рұқсат етілген орындарда ғана аулауды сұрайды.Количество показов: 18
Дата создания: 27.03.2026 03:54:41



















