"Уылдырық шашу-2025"балық қорғау акциясы жалғасуда
Аймата 10-сәуірден 5-маусымға дейін "Уылдырық шашу-2025" балық қорғау акциясы өтіп жатыр. Су жануарларының уақытылы және толыққанды көбеюін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында балық аулауға уақытша тыйым салынды. Акция облыстың жергілікті атқарушы органдарымен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізілуде. Жауаптылар қай балық түрлерін уақытша аулауға болмайтынын жіпке тізіп айтып берді.Жалпы жыл басынан бері 600-ге жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзған дерек анықталған. Көлемі 2-млн теңгеден астам айыппұл салынып, 10 қылмыстық іс қозғалды. Алда заңсыз балық аулау, өткізу, сатып алу және тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
Заңсыз балық аулағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған қоса, 100 АЕК-тен астам зиян келтірілгендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Количество показов: 12
Дата создания: 19.04.2025 07:56:21