ТЖД материалдық-технкиалық базасы 21 техникамен толықты.
Аймақтағы төтенше жағдайлар қызметтерінің материалдық-технкиалық базасы жаңа техникалармен толықты. Өткен демалыс күндері облыстық ТЖД-іне заманауи арнайы автокөліктердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Бұл жолы өңірге барлығы 21 техника сатып алынған. Оның 12-сі - жүріс қабілеті жоғары жедел қызметтік автокөліктер, екі әуе қайығы, екі «КамАз» және өзге де арнайы мақсаттағы машиналар. Жаңа жабдықтар облыс орталығы мен алты ауданға бөлінеді. Аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл қадам өңір қауіпсіздігін нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Айта кетейік, өткен жылы да жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 20 бірлік техника алынған болатын. Жаңа техникалар құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, төтенше жағдайлардың салдарын барынша азайтуға септігін тигізбек. Құтқарушылар заманауи жабдықтардың көмегімен халыққа қызмет көрсету сапасы жаңа деңгейге көтерілетініне сенімді.Количество показов: 9
Дата создания: 10.02.2026 10:40:57



















