«TURǴYNDAR AMANATY» өңірлік форум-семинары өтті
Қалада тұрғын үй қорын басқару мәселелеріне арналған «TURǴYNDAR AMANATY» өңірлік форум-семинары өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды көздейді. Бұл алаңға билік өкілдері, депутаттар және ОСИ/ПИК басшылары жиналды. Шараға «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаттары, облыс әкімі Асхат Шахаров және 200-ден астам қатсыушы қатысты. "Облыста әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде",- дейді жауаптылар. «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, 1 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Әлеуметтік салада да бірқатар нәтижелерге қол жеткізілген. «AMANAT» партиясының ықпалымен өңірде 28 мектеп, 12 спорт нысаны, 8 мәдениет үйі және 35 денсаулық сақтау объектісі салынып, халық игілігіне берілген. Бұдан бөлек, 24 елді мекен таза ауыз сумен, 36 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл жоба өңірлерде нақты диалог орнатып, жүйелі өзгерістерге жол ашуға бағытталған.Количество показов: 4
Дата создания: 06.05.2026 07:25:47



















