Туған күніңмен, Ақтөбем!
Ақтөбеге - 156 жыл. Қала күніне арналған мерекелік шара 21-мамырда басталды. 10 күндік тойдың нүктесі кеше қойылды. Қазақ еліне мың алғыс стелласы жанына кеше кеште жиналған халық нөпірі көп болды. Мыңдаған адам сүйікті қала Ақтөбенің туған күнін тойлады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша ашық аспан астында мерекелік концерт өтті. Биылғы ерекшелік облыс және қала басшылары ақтөбеліктерді тек әлеуметтік желілер арқылы құттықтады. Тұрғындар мен қала қонақтары тек концерт тамашалады. 300-ден астам адам өнер көрсетті. Жергілікті өнерпаздар мен қатар елге танымал эстрада әншілері өнер көрсетті. Қатарында Қанат-Света Айтбаевтар, Калифарния, Дастан Оразбеков, Айгүл Иманбаева және де өзге әншілер өнерлерін паш етті. Сүйікті қаламыздың тарихы тереңде. 1869 жылы 28-мамырда Ақтөбе бекінісінің негізі қаланды. Сол жылы Ресей империясының батыс шекарасын қорғау мақсатында Елек және Қарғалы өзендерінің қиылысында әскери бекініс салынған болатын. 1891 жылы Ақтөбе уездік қала мәртебесіне ие болып, ресми түрде «Актюбинск» деп аталды. Ал, 1999 жылы қала атауы қайтадан «Ақтөбе» болып өзгертілді.Количество показов: 32
Дата создания: 30.05.2025 08:49:15