«Цифрлық серпін: стартаптарға жаңа мүмкіндіктер» тренингі өтті
Бүгін қалалық әкімдік мен қалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен «Цифрлық серпін: стартаптарға жаңа мүмкіндіктер» атты тренинг өткізілді. Шараға жергілікті кәсіпкерлер, цифрлық технологиялар саласының мамандары, стартап жетекшілері және бизнес-қауымдастық өкілдерін қосқанда 150 адам қатысты. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, қаламызда түрлі тренинг-семинарлар өтіп тұрады. Бүгінгі шараның мақсаты да - кәсіпкерлік ортада инновациялық ойлау мәдениетін дамыту, жаңа цифрлық шешімдер мен стартап бастамаларын қолдау. Сонымен қатар цифрландыруды тереңдету, жасанды интеллект пен үлкен деректерді тиімді пайдалану арқылы экономиканы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған бұл тренинг жастарға, ІТ-саласының өкілдеріне және кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға арналған маңызды білім алаңы. Назым Али Алматы қаласынан арнайы шақырылған спикер. Жеке кәсіпкер, бизнес эксперт - қатысушыларға инновациялық жобаларды дамыту, стартаптарды нарыққа шығару, цифрлық өнімдерді ілгерілету және жасанды интеллектті бизнес-процестерге енгізу бағытында өз тәжірибесімен бөлісті. Шараға жергілікті кәсіпкерлер, цифрлық технологиялар саласының мамандары, стартап жетекшілері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қаламыздағы инновациялық экожүйені қалыптастыруға, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және өңірдің экономикалық дамуына серпін беруге септігін тигізеді.Количество показов: 25
Дата создания: 30.10.2025 07:44:20



















