Цифрлық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау маңызды
Цифрлық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау мәселелері әр тұлға үшін маңызды. Бүгін осының аясында облыс әкімдігі «Астана» Халықаралық университетімен бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті. Ғылыми семинарда қазіргі цифрлық дәуірдегі конституциялық кепілдіктер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында мамандар цифрлық ортадағы құқықтық тетіктер мен қоғамның жаңа медиа кеңістіктегі қауіпсіздігіне ерекше тоқталды. Спикерлердің бірі цирфлық сауаттылықтың маңызын жастарға, әсіресе зумерлерге әсері туралы айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі кез келген әрекет цифрлық із ретінде қалып, ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан әр азамат өз онлайн мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы жаңа Конституцияда цифрландыру мен жасанды интеллект алғаш рет көрсетіліп, бұл мемлекеттің цифрлық дәуірге бейімделіп жатқанын білдіреді. Маманның пікірінше, әр азамат цифрлық кеңістікте қорғалады және интернетте заң аясында пікір білдіруге құқылы. Ол цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде киберқауіпсіздік тетіктері қолданылып жатқанын атап өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сарапшылар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты. Брифингта жаңа Конституциядағы цифрлық құқықтарға қатысты нормалар да сөз болды. Мамандардың пікірінше, бұл өзгерістер ең алдымен жастардың болашағына бағытталған және цифрлық құқықтарды қорғаудың құқықтық негізін күшейтеді.Количество показов: 6
Дата создания: 15.05.2026 06:59:56



















