Терможаңғырту тиімді болмай тұр
Бұл-Алға қаласының 4-шағын ауданындағы №12 көпқабатты тұрғын үй. Мұнда басталған жаңғырту жұмыстары тұрғындарды екіге жарған. Бір топ жөндеуді қолдаса, енді бірі жобаның қабылдау тәртібіне күмәнмен қарайды. Тұрғындардың атйуынша, жаңғырту негіз болған 2023 жылғы 27-шілдедегі жиналыс хаттамасында қатысушылардың түгел қолы жоқ. Ал дауыс беру парақтарындағы кейбір қолдар бұл үйде қазір тұрмайтын азаматтарға тиесілі. Құжатқа сай, жобаға 40 тұрғын қолдау білдіріп, алтауы қарсы дауыс берген. Тұрғындардың тағы бір уәжі -жоба мақұлданған кезде үйде заң талаптарына сай жұмыс істейтін басқару органы болмаған. Сондықтан мұндай маңызды шешімнің қалай қабылданғанына таң. Үйді жаңғыртуға 128 миллион теңге қарастырылған. Бұл соманы 15 жылға бөліп төлеуі тиіс. Мұнда барлығы 60 отбасы тұрып жатыр. Барлығының бірдей төлеуге жағдайы жоқ, дейді тұрғын. Тұрғындар мәліметінше, бастапқыда қарызды өтеу мерзімі жеті жыл деп көрсетілсе, кейін ол он бес жылға өзгертілген. Бұдан бөлек жаңғырту басталғанға дейін үйде бейнебақылау камералары, кіреберіс есіктері, домофондар, кәріз жүйесі және плитка төсеу сияқты жұмыстар орындалған. Алайда бұл жұмыстардың құны жалпы жоба сметасынан шегерілмеген деген күмән бар. Алға қаласы әкімінің айтуынша, әр тұрғын қалтасына сай көсілуі керек. Жағдайы барлар 7 жылда төлесе, қалтасы көтермейтіндер 15 жылға дейін соза алады.Тұрғындардың талабы бір-жаңғырту жұмыстары толық әрі ашық , заң аясында жүргізілуі керек.
Количество показов: 13
Дата создания: 11.07.2026 08:18:50



















