Өтемақы күтіп отыр
АЗХС-2 бау-бақша ұжымының тұрғындары ауладағы көктемгі жұмыстарын бастап кеткен . Тасқынның зардабын сыз алған иістен, балшығы түскен үйлердің қабырғасынан байқайсың. Ал тірі адам тіршілігін жасайды демекші, қызу тіршілік бұл үйлерде де жалғасын тауып жатыр. Марина бұл жерді 2 жыл бұрын алған. Алғашқы жемістерінің де дәмін татып үгеріпті. Жер өте керемет, әдемі, егінді жақсы береді. Жаз бойы осында тұрамыз,-дейді тұрғын. Алайда қызыл судан зардап шегіп, үйіндегі бар жиһазы мен техникасы да жарамсыз болып қалған. Маринанаң үйіне комиссия 3 рет келіпті. Бірақ уәде етілген 300 мың теңгені әлі алмаған. Бұл үйде қыстамасақ та, бар дүние-мүлкіміз, бағалы заттарамыздан айырылдық,-деп налиды тұрғын. Суағары да істен шыққан. Енді отбасы ауыз суды қыздыру үшін 150 мың теңгеге техника жалдауға мәжбүр. Тасқын салдарынан жиналған қоқысты та өз қаражатымызға шығардық,-дейді. Тиісті құжаттарын тапсырып, үкіметтен өтемақы күтіп отыр.Количество показов: 492
Дата создания: 03.05.2024 00:40:08