Теміржол қауіпті аймақ!
Темір жолда қауіпсіздік ережесі әрдайым сақталуы тиіс. Тоқтаусыз зулаған пойыздар жолына көлденең тұрғанды аямайды. Жыл басталғалы жазатайым 1 оқиға тіркелген. Ал, былтыр дәл осындай 3 оқиға тіркеліпті. Әйтседе, теміржолшылар мен желілік полиция тұрғындарды қауіп-қатерден сақтандырудан кенде қалып жатқан жоқ.Темір жол саласы қалалар мен ауылдарды бір-бірімен жалғаушы негізгі көлік құралы екені белгілі. Демек, оның бойы кімге болса да қауіпті.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 19 азамат темір жол арқылы белгіленбеген жерден өткен. Желілік полиция өкілдері өңірдегі қауіпті темір жол аймақтарын айтып берді. Желілік полиция өкілдерін алаңдататын тағы бір жайт - жасөспірімдердің қауіпсіздігі. Өкінішке қарай, беймезгіл уақытта жүретін жасөспірім мен көше кезбелері азаяр емес. Темір жол бойында әрлі-берлі өтіп, байқаусызда пойыз астына түсіп қалуы мүмкін. Осы орайда темір жол вокзалында рейд ұйымдасырылып, 5 кәмелетке толмаған бала анықталған. Олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды. Жалпы, "Құқықтық тәртіп" іс-шарасын өткізу барысында 2 күннің ішінде 39 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Қоғамдық орындарға масаң күйінде келген 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Количество показов: 32
Дата создания: 01.05.2025 07:43:06