Темір ауданының халқы 99 пайыз таза ауыз сумен қамтылып отыр
Темір ауданында биыл әлеуметтік көрсеткіш оң нәтиже беріп отыр. Ауданда соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалады.Өнеркәсіп өнімінің көлемі 166 миллиард теңгеден асты, ауыл шаруашылығы саласында 18 миллиард теңгеден астам өнім өндірілді. Халықтың 99 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ биыл 10-нан астам жол жобасы іске асырылып, 15 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде Темір ауданында 1 қала мен 9 ауылдық округ бар. Халық саны — 34 мыңнан аса адам. Аудан экономикасында өнеркәсіп өнімінің көлемі 166 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 103 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығында да өсім бар — жалпы өнім көлемі 18 миллиард теңгеден асты. Мал басының көбеюі мен жаңа жобалардың іске асуы ауыл экономикасын ілгерілетуде. Инфрақұрылым саласында 10 жол жобасының жетеуі толық аяқталған, тұрғындардың 99 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ 2026 жылға қарай газбен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Биыл аудан орталығы Шұбарқұдық пен Кеңқияқта жаңа мектептер, спорт кешендері мен мәдени нысандар салынды.Ал кәсіпкерлік бағытында 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бөлшек сауда айналымы 115 пайызға артқан.Әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы, инфрақұрылымның жаңаруы және экономикалық тұрақтылық — Темір ауданының дамуының басты көрсеткіші екенін атап өтті аудан басшысы.Количество показов: 21
Дата создания: 12.11.2025 07:41:49



















