Темір ауданында екі ауыл көгілдір отынға қосылды
Ауылда газ қосылғалы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойы отын тасып, тамақты да пешке от жағып пісіріп, суды да отқа қайнатқан жұртшылық бүгінде дән риза. Мерекелік шараға жиналған ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, жергілікті тұрғындар көгілдір отынның келуіне атсалысқан жауаптыларға ризашылықтарын білдіріп, ауыл үлкендері батасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Жобаның тапсырыс берушісі — облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы. Ал, мердігер мекеме «Казпромстройгрупп» серіктестігі жалпы ұзындығы 39,5 шақырымды құрайтын газ желісін тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізген. Айта кету керек, Темір ауданында Шығырлы және Ащысай ауылдарын қосқанда 24 елдімекеннің 17-і яғни 70,8%-ы газдандырылды. Көгілдір отынмен аудан бойынша 34 767 адам, яғни 97,1 % қамтылған.Количество показов: 19
Дата создания: 20.09.2025 08:00:31