Тегін дәрі-дәрмек алу тәртібі өзгерді
1 қаңтардан бастап елде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібіне өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес бірқатар ауру түрлері Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің тізімінен алынып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ауыстырылды. Мамандардың айтуынша, енді аталған диагнозы бар ересектер мен балалар медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы алады. Облыста дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу 9 қаңтардан басталып, бүгінгі күнге дейін стационарлық және амбулаториялық деңгейде тұрақты жүргізілуде. Осы жылы стационарлық деңгей үшін 5,7 млрд теңгеге 864 позиция сатып алынып, амбулаториялық дәрі-дәрмек 348 атау бойынша 39 ұйымға жеткізілген. Ал тұрғындар қажетті дәрі-дәрмектерін тұрақты ала алатындарына риза. Кейбір тұрғындарға бастапқыда демеушілік көмек көрсетіліп, бірақ уақыт өткен соң, өздері алуға мәжбүр екендігін жеткізді. Мамандар барлық пациенттерді жоспарлы режимде қамтамасыз етуге бақылау жасалып, дәрі-дәрмектер уақытылы жеткізілетінін атап өтті. Бұл өзгерістер медициналық көмекті қаржыландыруды жетілдіруге және науқастарды тұрақты еммен қамтуға бағытталған.Количество показов: 7
Дата создания: 31.01.2026 08:37:10



















