“Тең мүмкіндіктер” балалар инлюзивті спорт фестивалі өтті
Райымбек Бергарин - 15 жастағы ерекше баланың әкесі. Ұлы бір жылдан астам осы бочча спорт түрімен айналысып келеді. Жарыстарға қатысқан сайын өзінің сыныптастарын көріп, араласып бастады. Өмірге деген құлшынысы өзгерді, оны әр жарысқа әкелген сайын байқаймын,- дейді әкесі. Мақсұттың әкесінің айтуынша, мұндай шаралар ерекше балаларға керек-ақ. Сау балалармен бірге теңдей ойынға түсу, араласу ата-ана ретінде бізге де, балаларға да ерекше көңіл-күй сылайды дейді ол. Расында, шараның мақсаты да сол- тең мүмкіндік. Баланың сау, ерекше деп бөлмей бір-бірімен араластыру,-дейді ұйымдастырушылар. Балалар үш түрлі спорт түрінен жарысты. Ол бочча, жеңіл атлетика элементтері және көңілді старттар. Фестивальдің мақсаты - ерекше балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, олардың мүмкіндіктерін көрсету. Сондай-ақ, бұл шара балалар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуды көздейді. Фестиваль соңында ең белсенді қатысушылар республикалық деңгейдегі «Тең мүмкіндіктер» спорт фестиваліне жолдама алады. Олар бочча спорт түрінен өңірлік құрама ретінде таңдалады. Спорттық шараға облысымыздан 147 оқушы қатысты. Бұл шара дәстүрге айналып, жыл сайын жалғасын тауып тұратынын атап өтті ұйымдастырушылар. Ал, шараның өтуіне облыстық білім басқармасы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды.Количество показов: 23
Дата создания: 21.10.2025 08:47:19