Тазалық мәдениеті сақталмайды
Мына көрініс Шевченко-Береговая көшесінің қиылысында орналасқан қоқыс контейнері. Өздеріңіз көріп тұрғандай контейнерлер таза, тұрғындар уақытында техника қоқысты тазартып, алып кететінін айтады. Алайда тұрмыстық қалдық көзді ашып жұмғанша жиналып қалады,-дейді олар. Тұрғындардың айтуынша, мұны көпқабатты үйдегі тұрғындар емес, жеке сектор тұрғындары тастап кетеді. Кейде ескертуге қарамастан, лақтыратындары болады. Әркім мәдениетті өзінен бастауы тиіс. Бұл - ортақ аудан. Осы жерде тұрамыз. Таза жерде өмір сүріп, балаларымыз таза жермен жүрулері керек ғой,-деп налиды тұрғындар. Тұрмыстық қалдық, үйден шыққан ескі жиһаз, есік, терезе немесе басқа да ірі габаритті қалдықты қоқыс полигонына апарып тастауыңыз керек. Есік алдындағы контейнерге тастай салуға болмайды. Мұны әкімшілік өкілдері күн сайын ескертіп жатыр. Бұл үшін айыппұл арқалайтыныңызды ұмытпаңыз.Количество показов: 12
Дата создания: 18.09.2025 07:26:35