Қаладағы шағын және орта бизнес нысандарының 80 пайыздан астамының қасбеттері мен жарнама қалқандарының жағдайы, ғимарат маңдайшасындағы жазбалары санитарлық талапқа сай емес. Бүгін қала әкімдігінің өкілдері, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия 12-ші шағын ауданда орналасқан бірқатар бизнес нысандарды аралады. Жұмыс тобындағылардың сөзінше, қаладағы ғимараттар алыстан көз тартуы қажет. Тазалық пен көркемдік басты назарда. Мәселен, мына сауда үйінің жанында құрылыс қоқыстары үйіліп жатыр. Нысан иесіне ескерту жасалды.
Ірі орталықтардың иелері алдағы мерекелерге дейін кемшіліктердің барлығын жоюға уәде берді. Бүгінгі рейд барысында қала тазалығы мен сәулетінің сақталуына жауапты жұмыс тобы ескертумен ғана шектелді.
Количество показов: 2036
Дата создания: 24.11.2016 19:08:48
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>