«Таза Қазақстан» акциясына 273 мыңнан астам адам қатысты
«Таза Қазақстан»: облыста соңғы үш айда халық пен бизнестің белсенділігі екі есе артты Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясына 273 мыңнан астам ақтөбелік қатысты. Ал үш ай бұрын көрсеткіш 112 мың адамды құрады.Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бірреттік акция емес, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен маңызды бағдарлама. Жұмыстар жалғасады және Президент Әкімшілігінің тұрақты бақылауында болады. Оның жүзеге асырылуына мемлекеттік органдар ғана емес, әрбір облыс тұрғыны тартылуы тиіс», – деп атап өтті өңір басшысы.Асхат Шахаров барлық елді мекендердің дендрожоспарын аяқтауды, күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына дайындық пен қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Жасыл желектердің жерсініп кетуі үшін облыс әкімі өңірдің климатына барынша бейімделген ағаш түрлерін таңдауды және қарапайым суару жүйесін жолға қоюды ұсынды.Количество показов: 24
Дата создания: 26.08.2025 08:18:40