Тауарлық газға 20% жеңілдік бар
Қазақстандықтар тауарлық газға "егов мобайл" қосымшасындағы "әлеуметтік әмиян" арқылы электронды ваучер түрінде жеңілдік ала алады. Әлеуметтік әмиян - бұл банк картасына балама іспеттес. Тек телефон арқылы арнайы қосымшаға кіріп, тұтынған сомаңызды төлей қоясыз. "Әлеуметтік әмиян" арқылы тауарлық газға электрондық жеңілдік мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен аз қамтылған отбасыларға ғана қарастырылған. Әлеуметтік әмиян Ұлттық банк жүйесінде әрбір қазақстандыққа ЖСН арқылы ашылады. Биылғы алғашқы жарты жылдықта 528 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасына 4 миллион 148 мың теңге және 79 тұрғын үй көмегін алушы отбасыларына 276,9 мың теңгеге тұтынылған газ үшін жеңілдіктер жасалған. 2023 жылдан бастап облыста мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар үшін газға арнайы баға қолданылады. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында өзара Меморандум жасақталған. Бұл меморандум облыста аз қамтылған тұтынушылар тобына арналған газ бағасын жалпы халыққа бекітілген бағамен салыстырғанда тауарлық газдың бағасы 20% төмен қолдану үшін жасалды. Ал, атаулы әлеуметтік көмек кіріс көлемі адам басына шаққанда 35 596 теңгеден аспайтын отбасыларға тағайындалады. Биыл соңғы 8 айда аймақта аз қамтылған 2 600-ден астам отбасыға 1 029,4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 125 отбасына 2,5 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындаған.Количество показов: 19
Дата создания: 19.09.2025 08:05:37