Ташкент көшесіндегі жаяулар жолы қар астында
Қаладағы Ташкент көшесіндегі жаяулар жолы қардан аршылмай тұр. Көше тұрғыны осылай деп шағымданды. Көлік жолдары тазартылып, ал ол аршылған қар жаяу жүргіншілер жолында жиналып қалған. Тұрғынның айтуынша, бұл жағдай күнделікті қозғалысқа қиындық келтіріп отыр. Ташкент көшесіндегі көлік жолынан аршылған қар жаяулар жолына үйіліп қалған. 72 жастағы Бекболат Жерішов редакциямызға хабарласып наразылығын білдірді. Ол балалар бұл жолмен мектептке барады, су алуға далаға шығамыз, даладағы көк мұз бен қалың қар кедергі келтіреді дейді. Қария тротуарды өзі жиі тазартып тұрған. Бірақ соңғы жауған қар мен көк мұз бұл мүмкіндіктен айырды дейді. Қат-қабат жиналған қарды өз бетімен тазарту қиын. Арнайы көлік керек. Тұрғындар өз беттерінше басты көшенің шет жағын тазалап, жүруге ыңғайлап қойған. Бекболат Жерішов мәселен айтып, ешкімнен көмек сұрамапты. "Кімге айтарымды білмеймін, жүрген арнайы техникалар болса, ескертіп, тазартуын сұрағым келген, бірақ оларды көрмеймін, қай уақытта келетіндерін де білмедім",- дейді қария. Жаяулар жолы қарға толып тұрса, тұрғындар тасжолдың бойымен жүруге мәжбүр. Ал, бұл өте қауіпті. Құлағы нашар еститін қарт жаяулар жолын тазартып жүріп, талай тайып құлағанын айтады. Ташкент көшесі Алматы ауданына қарайды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары аталған мекенжай бойынша жуырда мәселе шешіледі деп сендірді. Коммуналшылар жаяулар жолын қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Алматы ауданында тротуарлардың жалпы ұзындығы 160 шақырым. Мұндағы аумақтардың санитарлық жағдайы мен жолдарды қысқы күтіп-ұстауға жеті мердігер ұйым жауапты.Количество показов: 12
Дата создания: 23.01.2026 09:13:18



















