Тас жолды су шайып кетті
Еріген қар суы Ақжар- 2 елді мекенінің тұрғындарын әбігерге салды. Күншығыс көшесіндегі тас жолды қызыл су шайып кеткен. Оқиға алтыншы сәуір күні болды. Жолдың опырылуына күн райының күрт жылуы және түнде жауған жаңбыр себеп болған. Ал тұрғындар болса, қыста жауған қарды уақытылы шығарғанда және жол шетіне арық салғанда мұндай жағдай болмас еді дейді. Қазір қауіпті аймаққа арнайы белгі қойылған. Қойған белгісі төтелеп аққан суды тоқтата ала ма? Бүгін жаңбыр толассыз жауса, үйімізге қауіп төнуі мүмкін, деп елді мекен тұрғындары мазасыз. Ал құзырлы органдардан бұл жағдай туралы әзір ешқандай мәлімдеме жоқ. Количество показов: 752
Дата создания: 07.04.2021 18:25:14



















