Тарифті көтеру - халықтың қалтасын қағады
Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. «2021 жылдан бері халыққа көрсетілетін қызметтердің тарифтеріндегі өзгерістер» жайында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті басшысы мен өзге де жауаптылар шақырылған. Алайда, жиынға кейбір жауапты орган өкілдері келмеген, келгендерінің қатарында басшылары емес орынбасарлары отыр. Ал халық үшін сұрақтар шешілген кезде, басшылардың жиында болғаны маңызды екенін атап өтті облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы. Түптеп келгенде тарифтердің көтерілуі - қара халықтың қалтасынан қағатыны сөзсіз. Зейнетақыға тиын қосылады, әлеуметтік төлемдерге де солай, бірақ жалақы сол күйінде. Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылы маусымда тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізді. Яғни жылу энергиясы, газ, су және су бұру қызметтері бойынша тарифтерді белгілейтін субъектілерге қатысты шығындар мен есепке алынбайтын шығындар тізімдері, тарифтерді бекіту алдындағы жария тыңдаулар тәртібі өзгертілді. Тарифті көтеру - халықтың қалтасын қағу, экономикаға да кері әсері бар. Мысалы сол электр энергиясын алып қарасақ та ол - ұлттық ресурс. Осы ресурс неғұрлым төмен болса, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі де соғұрлым жоғары болады. Ал неліктен тариф бағасы жылдан жылға өзгеріске ұшырап тұрады? Баға төмендемейді, бірақ жоғарылайды. Қазіргі тарифтерге келер болсақ. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің құрылымы және жоғарыда аталған факторлар кіреді. Оған мемлекет тарапынан реттелетін де, реттелмейтін де әсер ету факторлары бар: логистикалық және стратегиялық тауарларға бағаның өсуі, тауарлық газдың көтерме бағасының өсуі, коммуналдық қызметтердің мүлдем барлық түрлерін өндіру мен жеткізуде қолданылатын электр энергиясының қымбаттауы кіреді. Сондықтан тарифтер бағасы да өзгеріске түседі. Бұл - шенділердің жауабы.Количество показов: 25
Дата создания: 22.10.2025 07:15:06