«Табыс» базарында көкөніс арзандатылып сатылуда
Тұрғындар қалашығы аумағындағы бұл базарда көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрі бар. Сауда сөрелерінен күнделікті тұтынатын азық-түліктің бірнеше түрін кездестіруге болады. Соның ішінде "Табыс" базарында картоп, сәбіз, пияз, қызанақ, қияр секілді көкөністер мен жеміс-жидектердің түр-түрі саудаланады. Кәсіпкерлердің айтуынша, тауарлар көтерме сауда орындарынан жеткізіледі. Өнімнің көтерме бағасына 15 пайыз үстеме қосылып, тұтынушыларға сатылады. Соның ішінде, тәтті бұрыш 450 теңгеден, қияр 500 теңгден, қырыққабат 200 теңгеден сатылуда. Картоп 180, сәбіз 530 және пияз 140 теңге тұрады. Жемістер арасынан құрма 800 және жүзім 650 теңгеден бағалануда. Аталған базарда сатушылар тұрғындарға сапалы өнім ұсынуда. Тұтынушылар өзіне қажетті өнімді таңдап, күнделікті саудасын жасайды.Количество показов: 8
Дата создания: 13.10.2026 09:21:03



















