Ақтөбеде жеті адам Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" ұйымының қызметін насихаттағаны үшін сотталды. №2 қалалық соттың үкімімен насихат жүргізген екі адамға - үш жыл, қалғандарына - бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Олар кінәларын толық мойындап, тергеу жұмысына көмектескен. Бұл азамат "Таблиғи жамағат" ұйымы қызметін насихаттауды ұйымдастырғаны үшін осы жылдың 28-наурызында ұсталған. Насихат жұмысын негізінен Ақтөбе, Атырау облыстарында жүргізген. Ал, біздің елде бұл ұйым 2013 жылы экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынды. Ол жалғыз емес. Қалада төрт жақтасы болған. Тағы екеуі Хромтау ауданында насихат жұмысын ұйымдастырған. Осы көктемде жетеуі де ұсталып, қамауға алынды. Екеуіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 405-бабы, бірінші тармағы бойынша "дiни экстремистік ағымдағы ұйымның қызметін ұйымдастырды" деген айып тағылды. Қалған бесеуі "ұйым қызметіне қатысқаны" үшін айыпталды. Сот отырысы 9-шілдеде №2 қалалық сотта өтті. Сотталғандардың бәрі де көп балалы. Отбасыларының жалғыз асыраушысы. Әрі ешқайсысы бұрын сотталмаған. Сот осы жайттарды ескеріп, екі ұйымдастырушының бас бостандығын үш жылға, қалғандарының бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шығарды. Бәрі кінәларын толық мойындап, тергеу жұмысына көмектескен. Қазір жасаған істеріне өкініп отыр.
"Таблиғи жамағат" халықаралық ұйымы Астанадағы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешімімен экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салынды.
Количество показов: 1540
Дата создания: 23.07.2018 20:00:18
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>