Таңдағы жарылыс қала тыныштығын бұзды
Таңдағы жарылыс дауысы қаланың тыныштығын бұзды. Көліктердің дабыл құралы бірмезетте ойнап, иттер үріп, айнала азан-қазан болды. Жойқын жарылыс "Кірпішті" тұрғын алабындағы автогаз құю бекетін орын алды. "Экогаз" станциясында жерүсті резервуарында газ-ауа қоспасы тұтанып, соңы жарылысқа ұласты. Кейін екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік пен операторлық бөлме де өртке оранған. Алдын ала мәлімет бойынша, адам өлімі мен зардап шеккендер жоқ. Құзырлы органдар дер кезінде жетіп, аумақта өрт сөндіру жұмысы толықтай жүргізілген. Өртті сөндіру жұмыстарына шамамен 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылған. Автогаз құю бекетінің жанында орналасқан автокөлік жуу орнында да кішігірім апат байқалады. Тілсіз жаудың салдарынан автожуу станциясының бір бөлігі зақымданған. Ол тарап өрттің себебін мамандардың анықтап жатқанын айтты. 2 күнде нақты ақпарат анықталуы тиіс дейді. Жарылыс болған автогаз құю бекетінің айналасындағы үйлер де зақымдануы мүмкін. Себебі, жарылыстың жойқындығы тек Кірпішті тұрғын алабындағы үйлерде ғана емес, Ақжар, Заречный тұрғын алаптарында да сезілген. Қатты дауыс естіліп, тұрғындар баспаналарындағы жарықшамдарының қозғалғандарын айтады. Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр.Количество показов: 7
Дата создания: 04.03.2026 08:56:42



















