Тәжік азаматтары құтқарылды
Ақтөбелік полицейлер далада қалған тәжік азаматтарын құтқарды. Аймақта 11 наурызға қараған түні ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеді. Осындай аязды түнде Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған жолаушылар автобусы Қарабұтақ ауылының маңында тоқтап қалған. Қолайсыз ауа райы мен қатты суықтың салдарынан көлік әрі қарай қозғала алмай, жолаушылар жолда қалып қойған. Автобустың 34 жолаушысы жақын маңдағы кемпингке жеткізіліп, орналастырылды. Кемпингте жолаушыларға жылынып, демалып, ауа райы жақсарғанша күтуге жағдай жасалған. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеген. Қазіргі уақытта жағдай полиция қызметкерлерінің бақылауында. Тәртіп сақшылары қыс мезгілінде жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаса, 102 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.Количество показов: 8
Дата создания: 12.03.2026 07:40:00



















