Түзету орындарынан шыққандар жұмыс тапты
Орталықтағылар жұмыссыз азаматтар есебінде тұрғандар еңбек етуге аса ынталы емес дегенді алға тартады. Бос жүрген азаматтар жалақы көлеміне қанағаттанбайды. Жылына 8-9 мәрте өткізілетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде екі қолына бір күрек таппай жүргендерге ұсынылатын қызметтер саны көп. Мекемелер мамандық игермеген азаматтарды кәсіби оқытып алуға да қарсы емес.
Жәрмеңкеде бұрын сотталған азаматтарға да мамандықтар ұсынылды. Бұрын істі болып, түрмеден жазасын өтеп шыққан 5 адам өндіріс орындарына жұмысқа тұрды. Бұған дейін өткізілген екі мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 18 сотталған азамат мекемелерге тұрақты жұмысқа орналасқан болатын.
Количество показов: 1402
Дата создания: 28.09.2018 18:42:33



















