Тұңғыш президент атындағы саябақта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
Қаламыздағы орталық саябақта ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Былтыр басталған реконструкциялық жұмыстардың барысымен қала әкімі Азамат Бекет танысып, мердігер компания өкілдерінің есебін тыңдады. Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының барысымен қала әкімі Азамат Бекет танысты. Саябақ басшылығы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларымен бөлісіп, жоба 2027 жылға дейін аяқталатынын айтты. Сонымен қатар қала әкімі жаңғырту жұмыстарының толықтай әкімдік бақылауында екенін жеткізді. Қазір құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі жүргізілуде. Орталық аллея жаңартылып, сәулеттік стильге сай павильондар салынуда. Құрылыс жүріп жатқан орындар қоршалғанымен, келушілердің қозғалысына шектеу қойылмаған. "Prime Park Investing" ЖШС-нің басшысы жоба жеке инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Жоба басшылары жұмыстың 2027 жылға дейін аяқталатынын айтты. Жоба толық аяқталған соң, орталық саябақ тұрғындар мен қала қонақтарына арналған заманауи әрі жайлы демалыс орнына айналмақ.Количество показов: 21
Дата создания: 24.07.2026 07:26:06



















