Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақ жаңару үстінде
Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ жаңартылады. Қазір бұл аумақта абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, демалыс орындары ретке келтірілуде. Сонымен қатар саябақтағы ойын-сауық инфрақұрылымы да кеңеймек.Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазір демалыс орнының аумағында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жауаптылардың айтуынша негізгі мақсат саябақты заманауи талаптарға сай абаттандырып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Сонымен қатар саябақтағы орындықтар, демалыс орындары және абаттандырудың өзге де элементтері жаңартылуда. Жоба мердігер "Prime Park Investing" ЖШС-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Саябақтың сыртқы келбетімен қатар, мұндағы ойын-сауық мүмкіндіктерін де арттыру жоспарланған. Атап айтқанда, мұнда 4 экстремалды және балаларға арналған 6 жаңа аттракцион орнатылған. Осылайша жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін саябақтағы аттракциондардың жалпы саны 18-ге жетеді. Жаңғырту аяқталған соң саябақ тұрғындар мен қала қонақтарының демалысын жайлы өткізуге мүмкіндік беретін заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ.
Количество показов: 13
Дата создания: 29.08.2026 09:58:58



















