Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта балалар мерекесі тойланды
Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта балалар мерекесі тойланды. Бір мезетте бірнеше мәдени, спорттық шара өтті. Адамдар саябақты таңнан толтырды. Бір жерде 3-5 жас аралығындағы балалар 3 аяқты велосипедпен жарысып жатса, 6 айдан, 1,5 жасқа дейінгі сәбилер арасында еңбектеуден жарыс та ұйымдастырылған. Cаябаққа жиналған бүлдіршіндер асфальтқа сурет салып, аспанға батпырауықтар ұшырып, эстафеталық ойындарға қатысып, шат-шадыман көңіл көтерді. Сүйікті тәттілерін тойғанша жеп, құмарлары қанғанша ойнады. Мерекелік бағдарлама кішкентай нәрестелерден бастап, жасөспірімдерге дейін лайықталып жасалған. Ойын-сауықтан ешбірі сыртқары қалмады. 3-5 жас аралығындағы балалар арасында үш аяқты велосипедпен жарыстар, балаларға арналған аквагрим суретін салу, «Ғажайып Ақтөбе» көрме-жәрмеңкесі, «Спорттық калейдоскоп» алаңы, «Жас суретшілер» алаңы, «Көңілді старт» эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. «Радуга детства - радуга дружбы» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтіп, «Жадырасын балақай» қуыршақ-концертінің қойылымы қойылды.
Аталған шараларда облыстың қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен жас таланттары өнер көрсетті. Мереке кешкі сегізге дейін тойланды.
Количество показов: 1052
Дата создания: 01.06.2022 19:12:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>