Тәртіпті жүргізушілер марапатталды
Өңірде "Үлгілі жүргізуші- 2025 " акциясы өтті. Жол ережелерін үнемі сақтайтын, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарайтын темір тұлпар иелеріне бүгін құрмет көрсетілді. Жол сақшылары тәртіпті жүргізушілерді марапаттап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Үлгілі жүргізуші- 2025". Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында қалада арнайы профилактикалық акция ұйымдастырылды. Шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ереже талаптарын қатаң сақтайтын жүргізушілерге құрмет көрсетті. Үлгілі жүргізушілерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, жол қауіпсіздігі бойынша маңызды кеңестер берілді. Полиция қызметкерлері мұндай шаралар жол мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Мамандардың айтуынша, жол қозғалысы ережелерін сақтау — тек полицияның емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Осындай профилактикалық шаралар жүргізушілердің тәртіпке деген көзқарасын өзгертіп, жолдағы мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы жүздеген адамның өмірін сақтап қалуға болатынын ескерткен құқық қорғау органдары өкілдері мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Өйткені қауіпсіз жол – баршаға ортақ құндылық.Количество показов: 12
Дата создания: 22.11.2025 09:11:32



















