Түрлі мамандық иелері дәстүрлі додада бас қосты
Бүгін IT Hub орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері бас қосты. Бұл жерде дәстүрлі «HACKATHON-2026» облыстық идеялар байқауы өтіп жатыр. Биылғы дода ерекше форматта ұйымдастырылған. Қатысушыларға бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер әзірлеу міндеті қойылған. 6 сағаттық марафон барысында жас мамандар нейрожелілер мен заманауи API технологияларын қолданып, нақты бизнес-кейстерді шешуге тырысады. Бастауыш білім беру педагогика мен әдістемесі мамандығының Арайлым есімді студенті бұл жарысқа бірінші рет қатысып жатыр. Тапсырманы топпен орындаған себептен қиынға соқпады дейді ол. Байқау Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі мен Aqtobe IT Hub ұйымдастыруымен биыл төртінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Басты мақсаты - тек идея ұсыну емес, оны жұмыс істейтін прототип деңгейіне дейін жеткізу. Сарапшылар қатысушылардың жұмыстарын техникалық күрделілік, жасанды интеллектті қолдану сапасы және шешімнің нақты бизнеске енгізілу мүмкіндігі бойынша бағалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау өңірдегі цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған маңызды алаң. Төрт жыл ішінде «HACKATHON» көптеген талантты жастардың IT саласына жол ашқан. «HACKATHON-2026» - бұл тек жарыс емес, болашақ IT-мамандардың тәжірибе алаңы. Мұнда туған идеялар ертең нақты бизнес шешімдерге айналуы мүмкін.Количество показов: 11
Дата создания: 30.04.2026 07:14:14



















