Тұран тұрғын алабының тұрғындары қоқыс шығара алмай әлек
Бұрынғы Жаңақоныс-4, қазіргі Тұран тұрғын алабының тұрғындары бүгін қалалық әкімшілік алдына жиналып, өздерінің талаптарын қойды. Айтуларынша, жаңа тұрғын үй алабында 500-ден астам үй, мыңнан астам адам тұрады. Ауданда инфрақұрылым ақсап тұр. Ал ең басты мәселелердің бірі- әлі күнге дейін қоқыс шығаратын тұрақты мердігердің болмауы. Қоқысқа толған көшелер, жағылған қалдықтың түтіні және шешімін күткен мәселе. Бұл - Тұран, бұрынғы Жаңақоныс-4 тұрғын алабының бүгінгі көрінісі. Мұнда 500-ден астам үйде мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар мәселені бірнеше рет көтеріп, е-өтініш арқылы шағым да түсірген, әкімдікке де жүгінген. Мәселенің шешімін таппағанына 1 жылдан асыпты. Жауапты мекемелер "Нео плюс" атты мердігер белгіленгенін айтып, кейін қоқыстар сол күйі жиналмағасын, тұрғындар жауапты деген мердігерге барыпты. Олар болса, аталған тұрғын алабына қызмет көрсетуді өз құзыретіне алмай, қайтарып жіберген. Тұрғындар арнайы мердігер ұйым бекітілсе, қызмет ақысын төлеуге дайын екендерін айтады. Ең бастысы - тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесінең заңды әрі тұрақты шешілгенін қалайды. Тұрғындар болса, қазір қоқысты өртеуге немесе өз көлігімен қалаға тасуға мәжбүр. Қаланың ішіне бейберекет тастағандарға айыппұл салынатынын білетін олар басқа амал жоқ екенін айтады. Ал қоқысты үнемі өртегесін, түтінінен кейбір тұрғындарда аллергия пайда болыпты. Сондықтан олар мәселені созбай, елді мекенге тұрақты қызмет көрсететін мердігер ұйымды бекітуді талап етеді. Бұл мәселенің орын алуына себеп болған - халық санының аздығы, дейді Астана ауданы әкімі. Себебі қазіргі таңда елді мекеннің 50 пайыздан азы ғана қоныстанғандықтан, компания үшін бұл қызмет экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған. Енді келісімшарттар рәсімделгеннен кейін қоқыс шығару жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі,- деді ол.Количество показов: 6
Дата создания: 16.07.2026 07:25:15



















