Тұран тұрғын алабының адамдары ауыз сусыз отыр
Жаңақоныс-4, қазіргі Тұран тұрғын алабының тұрғындары бүгін облыстық әкімшілік алдына жиналды. Себеп- аудандағы ауыз судың болмауы және осы мәселенің әлі күнге дейін шешімін таппауы. 500-ге жуық тұрғыны бар шағын ауданда халық суды сырттан тасуға мәжбүр.Күніне бір отбасына тек асүйдің өзіне 20 литр су үшін 700-800 тг ақша кетеді. Мұндай шығынды біреу көтерсе, бір отбасы көтермейді. Ал су тіршілік ету үшін әр сәт сайын керек екені айтпаса да түсінікті. Жауапты мекемелер болса, қалада су тапшылығы бар екенін алға тартып отыр. Мәселені шешу үшін суды Алға және Мұғалжар бағытынан тасымалдау жоспарланған. Алайда жобаға қажетті қаражат әлі бөлінбеген. 3 жылға есептелген бұл жоба жүзеге асса ғана жағдай оңалуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, Жаңақоныс, Бауырластар тұрғын алабын сумен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жүргізілген зерттеулер осы аудандарды толық сумен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ал әзірге Тұран тұрғындары тұрмыстық жағдайының жақсаруын күтіп отыр. Таза ауыз су - базалық қажеттілік. Бұл ауданда қаншама адам тұрып жатыр, бала-шаға бар. Сондықтан тұрғындар бұл мәселенің созбалаңға салынбай, жауаптылардан нақты іске асуын, мәселенің тезірек шешуін талап етіп отыр.
Количество показов: 9
Дата создания: 05.03.2026 08:32:44



















