Тұрақтылық пен бейбітшілікке 30 жыл
Биыл еліміз үшін мерейлі даталарға толы жыл. Соның бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Ішкі тұрақтылықты нығайтуға көзделген Ассамблея 30 жылдың ішінде көпұлтты қоғамдағы біраз мәселені өз мойынына алды. Сол жылдар ішінде өңірде бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту саласында бірқатар жұмыстар атқарылды.Еліміз көпұлтты мемлекет екені бәріне мәлім. Ассамблея- көк ту астында барлық этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруін сақтаудың маңызды құралы бола білді. Оған дәлел 13 жылдан бері облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Артем РАЙЗИХ. Өзге ұлт өкілі болсада мемлекеттік тілге құрметі ерекше. Облысымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл ішінде этносаралық қатынастарды дамыту саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Еңбегі сіңген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
Количество показов: 22
Дата создания: 15.04.2025 10:04:06