Тұрғындар үйлерінің алдындағы абаттандыру жұмыстары аяқталмағанына наразы
Биыл қаламыздың көпқабатты үйлерінің алдына абаттандыру жұмыстары жүргізілгені белгілі. Мұндай жұмыстарға тұрғындар да ризашылығын білдірген болатын. Алайда жұмыстар аяғына дейін бітпеген деушілер де бар. Шаһарымыздағы Тургенев көшесінің 100-ші үйінің тұрғындары бүгін редакциямызға осындай шағым түсірді. Аула жаңартылады деген үмітпен күткен тұрғындар мердігер компанияның тек уәдемен шектеліп отырғанын айтады. Тургенев көшесінде орналасқан көпқабатты үй тұрғындары абаттандыру жобасының сапасы мен мерзіміне көңілдері толмайтынын айтады. Аулаға жаңа асфальт төселіп, спорт алаңдары орнатылады деп уәде берілген. Алайда бүгінде жұмыс жартылай ғана орындалған — жол шұрық-тесік, құрылыс қалдықтары әлі де аулада жатыр.Тұрғындардың айтуынша, мердігер өкілдері бірнеше рет келіп, жұмысты жалғастырамыз деп кеткенімен, нақты іс көрінбеген. Жергілікті әкімдік өкілдері мәселе бақылауда екенін, абаттандыру жобасы толық аяқталатынын жеткізді. Мердігер компания да қалған жұмыстарды аяқтау үшін ауа райы қолайлы күндері техниканы қайта кіргізуге уәде беріп отыр. Тұрғындар болса, биыл басталған жобаның жыл соңына дейін толық аяқталуын қалайды. Олар жауаптылардан нақты іс пен сапалы нәтиже күтеміз. Бүгін-ертең қар жауа қалса, жөндеу жұмыстары аяқсыз қалады,- дейді олар. Ал мердігер компания болса , жұмысты осы жылдың соңына дейін бітіруге тырысамыз деп отыр.Количество показов: 15
Дата создания: 14.11.2025 07:17:53



















