Заречный-2 ауылындағы Медетов көшесінің тұрғындары ПМК аялдамасына тақап салынып жатқан газ құю бекетінің құрылысына қарсы. 100-ге жуық отбасы баласының болашағы мен өмірі үшін алаңдап отыр. Өйткені, дәл ПМК аялдамасының артына газ құю бекеті салынып жатыр. Одан 100 метр қашықтағы жерге биыл жанар май құю кешені тұрғызылмақ. Құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар іске қосылған соң бұл жерге мыңдаған көлік ағылатыны анық. Мектепке автобуспен қатынайтын балаларымыздың өміріне қауіпті,-дейді тұрғындар. Заречный-2 ауданы, Медетов көшесінің тұрғындары жиналып, қалалық әкімдік пен прокуратураға арызданған. Алайда, 2 жеті бұрын жазылған хатқа жауап болмапты. Еліміздің бас прокуратурасының сайтына да шағым қалдырыпты. Енді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа кіруге бекініп отыр. Газ құю бекетін салу үшін, жақын маңдағы тұрғындардан ешкім рұқсат сұрамаған. Экологиялық заңнама бұзылып отыр,-дейді зейнеткер Сара Қанатова.
Жаңа газ құю бекетінің құрылысы осыдан 2 апта бұрын басталып кеткен. Құрылысшылар қазір тасын қалап жатыр. Айтуларынша, тамыздың аяғында бекет дайын болуы тиіс. Қыркүйекте іске қосылмақ. Кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары заңды жүрігізіліп жатыр. Қалалық әкімдіктің рұқсаты бар. Жерді аукцион арқылы сатып алған. Бұл жер бизнесіне ыңғайлы болғандықтан, бас тартар емес. Ал бұл жерден балалар №46, 55, 50 және Қарғалы ауылындағы мектептерге қатынайды. Балаларын көлік басып кете ме,-деп қауіптенген жұрт мәселе шешілмесе елбасына хат жазбақ.
Количество показов: 1425
Дата создания: 04.08.2017 19:31:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>