Тұрғындарға мәселесін шешуге мамандар көмектесті
"Сен жалғыз емессің." Шаһарымыздағы Анаға тағзым ғимаратында осы атаумен ауқымды акция өтті. Акция аясында қиын жағдайға тап болған тұрғындарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар мемлекеттік мекеме өкілдерінен баспана, несие, жұмыс және тағыда басқа мәселелер бойынша кеңес алды. Іс-шараға 34 мемлекеттік орган мен ұйым қатысып, сауалдарға жауап берді.Бүгінгі шараға жиналғандардың бірі несие мәселесімен жүрсе, енді бірі жұмыссыздық пен баспана тапшылығынан шаршаған. Осындай түйіткілдерді шешуге көмектесу мақсатында қаламызда "Сен жалғыз емессің" акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында тұрғындар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерін толғандыратын мәселелерді шешуге бағыт-бағдар алды.Аталған шараға 34 мемлекеттік орган мен ұйым өкілдері қатысты. Олардың қатарында полиция департаменті, жұмыспен қамту орталықтары, отбасы банк, сот, тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы бөлімі, Әділет департаменті мен психолог мамандар бар. Ашық форматта өткен бұл жиында мамандар әртүрлі бағыттар бойынша тегін концультациялар жүргізді.Мамандардың айтуынша, ең көп қозғалған мәселе "әкелердің" алимент төлеуден жалтаруы. Бұл бағыттағы істерді сот орындаушылар қарастырып, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, баспана кезегі және тұрғын үй мәселелері бойынша арыз-шығымдар көп түскен. Ұзын сонар кезектен баспаналы болғысы келетіндердің банк қызметкерлеріне деген сауалдары аз емес екенін байқауға болады.Қоғамда көмек беретін адам жеткілікті. басын сан жерге соғып, шешім таба алмай жүргендері де қаншама. "Сен жалғыз емессің". Бүгінгі шара- аты айтып тұрғандай, адамдарды басындағы проблемасымен жалғыз қалдырмай, оларға көмектесу, бағыт бағдар беру,- дейді ұйымдастырушылар.
Количество показов: 16
Дата создания: 12.06.2026 07:09:17



















