Тұрғындар 12-ші мөлтекауданның санитарлық жағдайы туралы айтты
Қаланың санитарлық тазалығы қазір басты мәселелердің бірі. Соңғы жылдары қала аудандарына жаңа қоқыс контейнерлері қойылып, жұмыстар белсенді атқарылып жатыр. Десе де, 12 шағын ауданындағы қоқыс тазалығы тұрғындарды алаңдатып отыр. Қоқыс контейнерлері уақытылы тазаланғанымен, тұрғындар тастайтын ірі габаритті тұрмыстық қалдықтар жиналмайтынын айтады. 12-шағын ауданда орналасқан қоқыс контейнерлерінің іші бос. Коммуналшылар тазартып кеткені көрініп тұр. Алайда контейнер айналасына құрылыс қалдықтарын, ескі жиһаздар мен тұрмыстық заттарды үйіп кеткен. Тұрғындардың айтуынша, коммуналдық қызмет мамандары контейнерлердегі қоқысты тұрақты түрде шығарады. Бірақ, тұрғындардың өзі ірі габаритті қалдықтарды арнайы қоқыс полигонына апармай, осы жерге тастай салады,- дейді олар. Қоқыс контейнері тек тұрмыстық қалдықтарға арналған. Ал құрылыс қалдықтары мен көлемді заттарды шығару үшін арнайы қызметке жүгіну қажет. Мұндай заңбұзушылықпен күресу үшін кейбір аудандардағы қоқыс жәшіктерінің жанына бейнекамера да қойылған. Әйтсе де, құқықбұзушылық азаймай отыр. Тазалық-тек коммуналдық мекемелердің емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан жауаптылар қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және қоқыс тастау мәдениетін сақтауға шақырады.Количество показов: 14
Дата создания: 17.06.2026 07:19:03



















